Төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр.
«100 кітап» ұлттық сауалнамасына қатысу үшін е-Gov Mobile қосымшасын жүктеп, порталға кіресіз. Басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге ұнайтын үздік 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады.
Нәтижесі 10 тамыз - Абай күнінде жарияланады. Іріктелген «100 кітап» ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға және қазақ әдебиетінің рөлін күшейтуге септігін тигізбек. Сауалнаманың мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Қуан Нұрақын
