БҚО-да Тынымбақ аумағы мұнтаздай тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Тынымбақ аумағы мұнтаздай тазартылды

26.04.2025

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында 126 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды. Бүгін Оралдағы белсенді жастар кезекті рет сенбілікке шығып, Кеңес Одағының Батыры Темір Масин атындағы Тынымбақ аумағын мұнтаздай тазартты. Ескерткішті жуып, тал-теректің түбін қопсытып, әктеді. Айналаны сыпырып, шаң-топырақтан арылтты. Жыл басынан бері санитарлық жұмысқа 25 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Акция аясында 12 мыңға жуық тұрғын үйдің аумағы жиналды. Саябақтар мен алаңдар күл-қоқыстан тазартылып, 2 мыңнан астам қоқыс шығарылды.

Дархан Қуатов, «Қазақстан Студенттері Альянсы» РСҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Осынау іс-шараға БҚО белсенді жастары, соның ішінде Орал жастары, Қазақстан Студенттері Альянсы болып, бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. Және барлық өңір жастарын осындай игі іске, сенбіліктерге, «Таза Қазақстан» және «Ерлікке тағзым» акцияларына белсене қатысуға шақырамыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу