Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында төтенше жағдай қызметкерлері төрт күннен бері тасқын сумен күресіп жатыр. Есіл өзені арнасынан асқандықтан қызыл су үйлерге қарай жайыла бастаған.
Құтқарушылар бөгеттерді нығайтқан. Тұрғындар екі күн бұрын қауіпсіз жерге көшірілді. Өзеннің деңгейі мен гидротехникалық құрылғылардың жай-күйін мамандар күндіз-түні бақылап отыр. Ал Заречное ауылында суды арнайы сорғымен шығарып жатыр. Бұл – өлкедегі су тасқынының үшінші толқыны. Айдың соңына дейін қауіп сейілмейді деген болжам бар.
