Елімізде Ұлттық кітап күні алғаш рет атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Ұлттық кітап күні алғаш рет атап өтілді

27.04.2025

Ұлттық кітап күнін алғаш рет атап өттік. Кітап сүйер қауымға арналған да, кітапханашылардың басын қосқан да көп шара өтті. Айтпақшы, төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алу үшін жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі.

Оған қатысу үшін e-Gov Mobile қосымшасын жүктеп, өзіңіздің таңдаулы 10 шығармаңызды енгізу керек. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады, ал нәтижесі 10 тамыз - Абай күнінде жарияланады. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Кітаптың адамға не беретінін түсіндірместен баламызға «Кітап оқы!» дегенмен оқи қоймайтынын білеміз. Кітап адамның қиялын самғатады. Көзқарасын қалыптастырады. Құндылықтар егеді. Логикасын дамытады. Сенімді болуға ықпалдасады.

Өзіміздің оқып отырғанымызды немесе аудинонұсқада тыңдап жүргенімізді үнемі көретін болса қарсыласуы қиындайды. Екіншіден, оқып болған шығарма туралы әңгімелесуді дәстүрге айналдырсақ та, тартылуы мүмкін. Немесе қарсыласа беруден ұялады.

«Туу, мұны айтқансың» десе де, балалық шағымызда үйімізде кітап культі болғанын айта беру керек. Ал кітап оқуға байланысты естелік әрқайсымызда бар. Мысалы, мамамның жалақы алғанын бір сөмке кітап көтеріп келе жатқанынан білетінбіз.

Қазіргі кітапқұмарлар туралы Елдос Есенболдың материалы.

Хабарламаларға жазылу