БҚО-да мектеп асханасындағы ас мәзірі талапқа сай келмейтіні анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мектеп асханасындағы ас мәзірі талапқа сай келмейтіні анықталды

28.04.2025

Батыс Қазақстан облысында прокуратура мектеп асханасында ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Атап айтқанда, Сырым ауданындағы білім ұяларында оқушыларға берілетін тамақ көлемі жетіспеген.

Аудандық білім бөлімі 72 млн теңгеге 9 конкурс жариялаған. Кәсіпкерлер 1-4 сыныпта оқитын 1 250 баланы ас-ауқатпен қамту керек болған. Алайда қолданыстағы ереже талаптары өрескел бұзылған.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу