Канаданың Ванкувер қаласында фестивальге қатысушыларды көлікпен қаққан жүргізуші ұсталды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның психикалық ауруға шалдыққаны анықталған. Қала полициясының мәлімдеуінше, 30 жастағы жүргізуші көпшілік жиналған жерге сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келген. Қаза тапқандар саны 11-ге жетті. Мерт болғандардың жасы 5 пен 65-тің аралығында. Шабуылшыға адам өлтірді деген айып тағылды. Бірақ Канада билігі бұл оқиғаны «террористік акт» деп сипаттаудан бас тартып отыр. Айтуларынша оған ешқандай дәлел табылмаған.
Арыстан Рысбек
