Алматыда автобус пен троллейбус соғысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автобус пен троллейбус соғысты

28.04.2025

Алматыда тағы да қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаты болды. Аялдамада тоқтап тұрған троллейбусқа автобус қатты екпінмен соққан. Салдарынан 13 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. 

Қуан, оқыс оқиғаның себебі белгілі ме? Жолаушылардың жағдайы қалай?

Қуан Нұрақын, тілші:

Оқиға Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің сөзінше, №25 автобус аялдамада тоқтап тұрған №19 бағыттағы троллейбустың артына соғылған. Оқиға түске дейін 11:45-те орын алған. Салдарынан жеңіл жарақат алған 13 адам медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға барудан бас тартқан. Жедел жәрдем қызметі тексеруден кейін барлық зардап шегушіні үйіне қайтарған. Осы дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы тергеу бастаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу