Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын тойға жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын тойға жұмсаған

29.04.2025

Шымкент қаласында 36 азамат мемлекеттің нысаналы мақсатқа берген қаржысын орынсыз жұмсап жіберген. Олар жаңадан кәсіп ашып, бизнес жүргізудің орнына алған ақшасын отбасылық қуаныш пен өзге де тірлікке жаратқан. Осындай әрекетке барған 26 азаматпен қазір медиациялық келісім бойынша немесе ай сайын бөліп төлеу арқылы берешегін қайтару ісі жүргізілуде. Ал ақшаны қайта бергісі келмеген 10 азаматтың ісі сотқа жолданды. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге шамасында ақша берілген. Мұндай жағдай мегаполисте 2023 жылы тіпті белең алып кеткен болатын.

Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Олар 158 миллион теңгеден астам қаржыны нысаналы мақсатқа жұмсамағаны үшін бюджетке қайтаруы керек. Бүгінгі таңда қайтарылғаны 45 миллион теңгені құрайды. Қалған 112 миллион теңге бойынша бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу