Петропавлда су деңгейі төмендей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда су деңгейі төмендей бастады

29.04.2025

Петропавлда бір тәулікте Есіл өзенінің деңгейі 3 сантиметрге түсті. Дегенмен тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Әлсін-әлсін жауған қарлы жаңбыр мен қатты жел жағдайды қиындатып тұр. Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Күн күркіреп, қалың тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер болжамынша, кей аудандарда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Қызылжар ауданының Тепличеное, Прибрежное, Большая Малышка, Ольшанка, Долматово ауылдарында бөгеттер әлі де нығайтылып жатыр. 200-ге тарта адам эвакуацияланды. Тасқынға қарсы шараларға 1600-ден астам адам жұмылдырылған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу