Канадада өткен парламент сайлауында либералдық партия жеңіске жетті. Партия басшысы, Канаданың қазіргі премьері Марк Карни елдің келесі үкіметін басқарады. Алдын ала нәтижеге сай либералдар басты қарсыласы консерваторларға қарағанда көбірек дауыс жинаған. Алайда Қауымдар палатасындағы абсолютті басымдыққа ие бола ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Ал бірнеше ай бұрын әлеуметтік сауалнама Либералдық партияны қолдайтындар аз екенін көрсеткен еді. Жағдай Дональд Трамп Канадаға баж салығын енгізетінін айтып, оған 51 штат болуды ұсынғаннан кейін өзгерді. Бұл АҚШ президентінің әрекетіне ашынған канадалықтар арасында ұлтшылдықты күшейіп, либералдардың жеңісіне әкелді.
Арай Төлегенқызы
