Құрылыс саласында бірыңғай портал іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс саласында бірыңғай портал іске қосылады

29.04.2025

Жыл соңына дейін Қазақстанда құрылыс саласына арналған бірыңғай портал іске қосылады. Бұл жүйе «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істемек. Яғни, құрылыс нысандарын жоспарлаудан бастап, пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Үкіметте саланы цифрландыру мәселесі талқыланды. Жаңа бастама жұмысты ашық әрі тиімді етуге бағытталған. Жоба аясында облыстар инженерлік желілер мен қала құрылысы құжаттарын цифрландыруды 1 қазанға дейін аяқтауы керек. Қазіргі уақытта жүйе 89 қаланың жобаларын және инженерлік инфрақұрылымның 92 пайызын қамтиды. Әрбір құрылыс нысанына бірегей нөмір берілмек. Бұл жұмыс барысын оңай бақылап отыруға көмектеседі. Премьер-Министр биылғы бірінші тоқсанда еліміздегі құрылыс көлемі 1 трлн теңгеден асқанын айтты.

Олжас Бектенов, Премьер-Министр:

Цифрлық шешімдерді енгізу құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, шығындарды айтарлықтай азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қала құрылыс кадастрын е-құрылыс және ақпараттық модельдер банкін енгізе отырып, біз қағаз жүзіндегі құжат айналымынан түпкілікті цифрлық процестерге көшеміз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу