Ирандағы жарылыс құрбандары жетпіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандағы жарылыс құрбандары жетпіске жетті

29.04.2025

Иранның ең ірі контейнерлер портындағы алапат жарылысқа «салғырттық» себеп. Мұны бүгін осы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бандар-Аббас портының Шахид Раджаи секциясында сенбі күні болған дүмпуден 70 адам қаза тапқан. Жараланғандар саны мыңнан асып отыр. Елдің ішкі істер министрі Ескендір Момени мәлімдегендей, «кейбір адамдар апат алдында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған». Кедендік орган өкілдерінің сөзінше, жарылысқа импорттық жүктің жана бастағаны түрткі болған. Ал қорғаныс министрлігі апатқа ракета отыны себепші деген мәліметті жоққа шығарып отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу