Шымкентте оқ тиіп жараланған Руслан Берденовтің қазір жағдайы қалай? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін әкім орынбасарының хал-ахуалы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, жағдайы тұрақты ауыр деуге болады. Түскен бойда екі бригаданың хирургтері 4 сағат бойы шұғыл көмек көрсеткен. Қазіргі таңда Берденовтің жағдайы бірқалыпты. Аяққа тұрған. Бірақ дәрігерлердің бақылауында, дейді министр.
Шерхан Жамбылұлы
