Қостанай облысында қатты дауыл соғып, қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қатты дауыл соғып, қар жауды

29.04.2025

Бүгін солтүстік өңірде ауа райы күрт суып, дауыл соқты. Мамандардың айтуынша, желдің екпіні кей жерде секундына 30 метрге дейін жеткен.

Қостанайда қатты жел ғимараттардың қасбеті мен шатырын жұлып әкетіп, бірнеше үйді жарықсыз қалдырды. Екпінге шыдамаған ағаштар құлап, көліктерге зақым келтірген. Ал Қамысты, Сарыкөл аудандарында бұршақ аралас қар жауған. Мұндай ауа райы өңірдегі жолдарда да жағдайды қиындатты. Қостанай-Лисаков бағытында құмды дауыл көтеріліп, Федоров тас жолында дауылға төтеп бере алмаған ауыр жүк көлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Көкшетауда да шаңды дауылдан жаңа көпқабатты үйдің сыртқы қаптама кірпіштері опырылып түскен.

Азель Айсабаева, Қостанай қалалық «iKomek» бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі:

Таңғы сағат 9:00-ден тұрғындар қоңырау шала бастады. Көбі ағаштардың құлап, жарық сөнгенін айтып шағымданды. Қазір 8 бригада электр сымдарын қалпына келтіріп, жауапты мердігерлер жолдағы ағаштарды алып тастап жатыр.

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу