Қарағанды облысында 580 млн теңге бөлінген су тарту жұмысы аяқталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 580 млн теңге бөлінген су тарту жұмысы аяқталмаған

02.05.2025

Қарағанды облысы Ақой ауылында осыдан бірнеше жыл бұрын басталған ауызсу тарту жұмыстары аяқсыз қалды. Жобаға 580 миллион теңге жұмсалғанымен, әлі де тұралап тұр. Тұрғындар болса, күнде су тасып ішуге мәжбүрміз деп наразы.

600-ден аса тұрғыны бар елдімекенде су жүйесі бұған дейін атымен болмаған. Алайда осыдан екі жыл бұрын әкімдіктен қаражат бөлініп, су тарту жұмыстары басталған. Бірақ бөлінген ақшаның басым бөлігі игерілсе де, мердігер компания істі аяқсыз қалдырды.

Жанна Дуанбекова, Ақой ауылының тұрғыны:

Басталған іс бітуі керек қой, ақша бөлінгеннен кейін. Мысалы  бес балам бар. Қыс бойы су тасимыз. Оңай емес. Жазда жарайды, қыста қиын.

Биылдың өзінде ауылдан 15 отбасы көшіп кеткен. Су тартамыз деп қазылған жерлердің де барлығы сол күйі қалған. Тұрғындар көлікпен қатынаудан қалдық дейді. Ал жергілікті биліктің айтуынша, жұмыстың 80 пайызы аяқталып, 510 миллион теңгесі ғана мердігер компанияға төленген. Ауызсуды алдағы уақытта толық аяқтаймыз деп уәде берді.

Дәурен Кәрсенбаев, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

Істелмеген жұмыстарға ақша төленіп отырған жоқ. Біз келісімшартты бұздық. Сол проектіні, аяқталмаған жұмыстардың, ақау шыққан жұмыстардың есебін жүргізгеннен кейін биыл мамыр айында толық тексеру жасап, жұмысты бастаймыз.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу