Әкімдік ғимараты алдында оққа ұшқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бірер күнде ауруханадан шығады. Дәрігерлердің айтуынша қазір ол өз аяғымен жүріп жүр. Осы уақытқа дейін қосымша күш-қуат беріп тұрған медициналық қондырғылардың бәрі ағзадан ажыратылған. Брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы денесіндегі жарақат орны жазылып келетіндігін айтты.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ауруханадан шыққан соң, реабилитациядан өтеді. Жақын уақытта ауруханадан шығады деп ойлап отырмыз. Біздің дәрігерлер әрі қарай да бақылап отырады. Өйткені бытыра ағзаға зақым әкеліп отыр. Оның бәрі уақытпен кетеді.
Ғани Қалмаханов
