Татулық пен дәстүр дәріптелген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татулық пен дәстүр дәріптелген күн

01.05.2025

Ал, Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт ұлттық әлди әуенімен басталды. Елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері өз тілдерінде бесік жырын орындады. Тілі мен әуені әртүрлі болғанымен, бәрінің тілегі бір — елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы. Мерекелік кештің мақсаты — халықтар арасындағы достық пен өзара сыйластықты дәріптеу. Шарада бірлікті паш ететін қойылымдар қойылып, өнерпаздар әннен шашу шашты. Сондай-ақ, көрермендер үшін көрме де ұйымдастырылып, этностардың тұрмысы мен ұлттық жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды.

Зака Закиев, қала тұрғыны:

Сіз көргендей мұндай қазақ халқының ұқсас ою-өрнектері бар. Ол біздің түркі мемлекеттерінің бірлігін көрсетеді, тарихымыздың бір болуын көрсетеді. Және бұл көрменің мақсаты: Қазақстанда татулық, достық атмосферасын көрсету.

Виктория Шигай, қала тұрғыны:

Қазақстан халқына алғысым шексіз. Біздің ата-бабаларымызға созғаны үшін... Бүгін бізде Қазақстан халқының бірлігі күні сонымен бүкіл халықты құттықтаймын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу