Оралда 9 жастағы баланы тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты тұрғын үй ауласында ойнап жүрген баланың добы электр бағанының сымдарына кептеліп қалған. Ол қосалқы электр стансаның шатырына шығып, допты аламын дегенде, тоқ ұрған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметкерінің мәліметінше, қазір баланың жағдайы өте ауыр. Денесінің 95%-ын күйік шалған. Арнайы аппаратпен тыныс алып жатыр. Ал полиция департаментінің ресми өкілі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.
Ардақ Мұратқызы
