Қостанай облысында жазасын өтегендерге көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жазасын өтегендерге көмек көрсетіледі

02.05.2025

Қостанай облысында жазасын өтеп шыққан азаматтарға жан-жақты көмек беретін пилоттық жоба жүзеге аспақ. Мұндай жаңашылдық елімізде алғаш рет енгізілгелі отыр. Бостандыққа шығуына 2 ай қалған сотталушыларға мамандар құқықтық, психологиялық көмек көрсетіп, құжатын түгендеп, тіпті жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Қазір облыста 2000-ға жуық жазасын өтеуші болса, жақын арада олардың екі жүзі бостандыққа шығады.

Рабат Мырзатаев, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

Қылмысқа қайта бармас үшін оларды барынша қоғамға қайта бейімдейміз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыс орнатып, бостандыққа шыққаннан кейінгі тұрғылықты жері бойынша жұмыс тауып береміз.

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу