Ақтөбедегі қазақ-орыс университеті жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі қазақ-орыс университеті жабылады

02.05.2025

Ғылым және жоғары білім министрлігінің тексеруінен кейін Ақтөбедегі Халықаралық қазақ-орыс университетін жабу туралы шешім шығарылды. Өйткені студенттердің 90 пайызының сабаққа қатыспағаны анықталған.

Білім ордасындағы дау дәл бір ай бұрын басталған еді. Университет басшылығы сабаққа қатыспады және оқу ақысын төлемеді деген желеумен 350 студентті бір күнде оқудан шығарып жіберген. Бұл жағдайдан кейін өңірге министрлік өкілі келіп, мәселе шешілді. Алайда білім беру процесіне қатысты бірнеше олқылықтар анықталғаны хабарланды. Профессорлық-оқытушылық құрам санына да қатысты сұрақ туындаған. Қазір білім ордасында 17 мамандық бойынша екі мыңнан аса студент білім алып жатыр. Оларға оқу жылын аяқтауға мүмкіндік беріледі. Одан соң басқа университеттерге ауыстырылады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу