«Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды насихаттау». Осындай атаумен Астана қаласындағы №58 «Өркен» балабақшасында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысқан шарада Наурыз мерекесінің мән-маңызы айшықталды. Балабақша бүлдіршіндері Ұлыстың ұлы күні жайлы өлең оқып, ән шырқады. 14 наурыз - Көрісу мерекесіне орай көрініс қойып, әдет-ғұрыптың озық үлгілерін паш етті. Айтыс, ұлттық ойындар мен қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар да көпшілікке көзайым етілді.
Ләззат Дүйсенғазина, №58 «Өркен» балабақшасының меңгерушісі:
- Балабақшадағы ең басты міндетіміз – балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру. Сондықтан, ұлтымыздың дәстүрлерін көрсетіп жатырмыз.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ