Талдықорғанда «О, Ләйлә» атты толықметражды көркем фильмнің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «О, Ләйлә» атты толықметражды көркем фильмнің тұсауы кесілді

20.03.2018

Бюджет қаржысына салмақ салынбай түсірілген туынды қаланың жаңа келбетін, тыныс-тіршілігін, жастар өмірін көрсетуге бағытталды. Басты рөлдерді Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлары мен әріптесіміз, жаңалықтар жүргізушісі Айзада Жақсыбек сомдады. Фильм авторлары журналист бойжеткеннің өмірі арқылы облыс орталығының бар көркін, ондағы махаббат пен сатқындықты, достық пен әзілді көрерменге жеткізуге тырысты. Жас режиссерлер Ерлан Ұшақпаев пен Данияр Мұстафаевтың тырнақалды туындысы барлық буын көңілінен шығады деген сенімде. 

Ерлан Ұшақпаев, режиссер:

- 2017 жылы көптеген ғимараттардың құрылыстары аяқталды. Фильмге осы ғимараттарды толықтай түсіріп алып, неғұрлым әдемілеп көрсету мақсат болды. Осы күнге дейін созылғаны да сол. Басты мақсат - қаламызды көрсету. Қазір Талдықорған көркейіп, өркендеп келе жатқан жас қалалардың бірі.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу