Елорданың Ұлттық академиялық кітапханасында «Апажан» бейнебаянының тұсауы кесілді. Жаңа туындының мақсаты - балаларға арналған әндерді насихаттау, сондай-ақ, жас буын мен ата-аналар арасындағы сыйластық пен мейірімділік сезімін көрсету. Бейнабаянның продюсері - режиссер, сценарист Оралбек Сарбасов. Оның айтуынша, автор туынды арқылы өскелең ұрпақты үлкенге құрмет көрсетуге үйретуді көздеген. Жалпы балаларға арналған туындыларды жазу күрделі жұмыс. Әсіресе, сапалы ән, мағыналы бейнебаян тым аз кездеседі. Ал, бұл туынды балалардың өресіне сай және музыкалық талаптарға сай келеді.
Бақытжан ОМАР