Астанадағы Ұлттық архивте маңызды шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық архивте маңызды шара өтті

15.05.2018

Астанадағы Ұлттық архивте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды шара өтті.  Оған Түркиядан меймандар қатысып, Осман империясы мұрағатының маңызды құжаттарын таныстырды. Кездесу барысында Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандарының қарым-қатынастарын баяндайтын, сонымен қатар, қазақтардың Түркияға көшіне қатысты құжаттар мен олардың көшірмелері қойылды.

Бұдан бөлек, меймандар Қазақ тарихына қатысты құнды құжаттарды тарту етті. Олардың арасында Қазақ ханы Қайып Мұхаммедке жолданған сұлтан хатының көшірмелері, сый-сияпат тіркелген дәптердің көшірмесі сияқты аса құнды дүниелер бар.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу