Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп 70 жылдығын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп 70 жылдығын атап өтуде

18.05.2018

Қазақ музыкасы елдің баға жетпес құндылығы. Ал, сол құндылықты көпшілікке жеткізетін өнерпазды оқыту үшін қажырлы еңбек қажет. Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп 70 жылдан бері осы бағытта табысты еңбек етіп келеді.

Білім ошағының өнерпаз оқушылары мерейтойға арнап концерт қойып, өздерінің қабілет-қарымын көрсетті. Мұнда осы аралықты 2000 оқушы түлеп ұшқан. Оның 1500-ден астамы халықаралық деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы атанған. Талапты оқушыларға 187 ұстаз сабақ береді. Мерейтойға орай Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлігі 10 ұстазға «Білім беру ісінің үздігі»  және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыстады. Айта кетейік, бұл мектептің қабырғасында білім алып, өнер игерген шәкірттер қазір әлемнің әрқиырындағы өнер ордаларында жемісті еңбек етіп жүр.

Оңдасын Абдуллаев,  К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп директоры:

- Ұжымымызда білікті мамандар қызмет етеді. Дарынды балаларды оқыту өте жауапты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу