Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған қазақстандық Самал Еслямова «Айка» фильмі 7 жыл бойы түсірілгенін айтты. Туынды психологиялық драма болғандықтан, түсірілім кезінде қиындықтар кездескен. Алайда, актрисаның шеберлігі мен режиссерлік топтың кәсібилігінің арқасында үлкен номинацияны жеңіп алды.
Айта кетейік, Самал Еслямова Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылында дүниеге келген. Ал, фильм режиссері Сергей Дворцевой Шымкенттің тумасы. «Айка» драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында. Бас кейіпкер Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі.
Самал Еслямова, Канн кинофестивалінің «Ең үздік актриса» жүлдесінің иегері:
- Фильм көрерменнің қызығушылығын оятуы үшін барынша үлесімді қостым. Бұл - психологиялық драма. Түсірілім кезінде біраз қиындық болды. Алайда, түсірілім тобының кәсібилігінің арқасында осындай жеңіске жеттік.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.