Самал Еслямова кейіпкерін сомдау үшін ұзақ дайындалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самал Еслямова кейіпкерін сомдау үшін ұзақ дайындалған

24.05.2018

71-ші Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған Самал Еслямоваға Петропавл қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Сондай-ақ, дарынды актриса облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Түс ауа баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді. Ресейлік кинорежиссер Сергей Дворцевойдың фильмінде басты рөлді сомдап, өзгелерден ерек өнерімен әлемді мойындатқан қазақ актрисасы тілшілерге жеңіске жету жолы және болашақ жоспарларымен бөлісті. 6 жыл түсірілген «Айка» көркем фильмінде Самал тағдыры ауыр кейіпкерін сомдау үшін ұзақ дайындалып, бар күш-жігері мен актерлік қабілетін мейлінше танытуға тырысқанын айтады. 

Самал Еслямова, актриса:

- Бізде кино жақсы шықсын деген мақсат болды. Көп дайындық жасадық. Өзімнің әпкелерімнен перзентханаға барып та бақылау жасадық.

Самат САПАРАЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

                                                         

Хабарламаларға жазылу