Жезқазғанда «Жез киік» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда «Жез киік» фестивалі өтеді

21.06.2018

Жезқазған қаласында шілде айының 12-14 күндері халықаралық «Жез киік» музыка фестивалі өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған ән кешіне 11 мемлекеттің өнерпаздары қатысады деп жоспарланған. Ән мерекесіне дайындық қызу. Мәселен, мысты шаһардағы Кеңгір су қоймасы жанынан ашық аспан астындағы театр салынып жатыр. Фестивальдің гала-концерті осы жерде өтеді. Мұнда үлкен сахна мен екі мың көрерменге арналған алаң жасақталуда. 

Ербол Жамалбеков, жобаның техникалық қадағалаушысы:

- Көлдің жағасында болғандықтан, кейін регата қайтадан жандануы мүмкін деген жоспарлар бар. Сонда жақсы гармония беріп тұратын болады. Фестиваль өткеннен кейін де бұл жерде әр-түрлі деңгейдегі ірілі-ұсақты шаралар болады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу