Астана тұрғындарының назарына! Осы демалыс күні ЭКСПО қалашығы маңындағы «Қазанат» этноауылында халықаралық көшпенділер мәдениеті фестивалі өтеді. «Көшпенділер әлемі» деп аталатын шарада Венгрия, Болгария, Түркия, Башқұртстан, Қырғызстан, Украина, Якутиядан келген өнер ұжымдары көрсетеді. Олар Ақ мерген, Шабыт, Тайбурыл, Керуен сарайы, Ақ сақа, Батыр, Шебер деп аталатын ауылдарға бөлініп, өз елдерінің салт-дәстүрімен таныстырады. Венгриядан келген апалы-сіңлілердің ерекше өнерін сол жерде тамашалайсыздар.
Әсел Алишерова, «Сарбаз рухы» тарихи-патриоттық топтың директоры:
- Мәселен, венгрлер өздерімен бірге ежелгі экспонаттарын ала келеді. Оны біз қазақтың киіз үйіне қоямыз. Онда олардың әскери киімдері, қылыш, садақтары, жалпы 5-12 ғасыр аралығындағы көне жәдігерлерін тамашалай аламыз. Фестиваль сонысымен ерекшеленеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.