Ұлттық музейге Пабло Пикассоның жұмыстары қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейге Пабло Пикассоның жұмыстары қойылды

09.08.2018

Пабло Пикассоның бірегей көрмесі Астанада. ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберінің жұмыстары Ұлттық музейге қойылды. Келушілер көркем керамика мен гравюралардың сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалай алады. Пикассо - таныс заттардың бірегейлігін, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алған ерекше маман. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді. Пішіндерге қарасаңыз, ғажайып құстар мен аңдардың бейнесін көресіз. Ал, керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейпіне енгендей. Пикассо соңғы 100 жылда өмір сүрген суретшілердің ішіндегі ең мықтысы және ең қымбаты саналады. Көрме қараша айына дейін жалғасады. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ұлттық музейдің ашылғанына 3-4 жыл болды. Аз уақыттың ішінде көптеген ірі көрмелерді ұйымдастырып жатқанымыз үлкен қуаныш. Дүниежүзіне белгілі суретшілердің бірі Пабло Пикассоның керемет туындылары Ұлттық музейде қойылып жатқаны бәрімізді қуантады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу