Соған орай, «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрме ашылды. Оған Тәуелсіздік сарайы қорындағы қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің 100-ден аса жұмыстары қойылды. Мазмұны мен стилі жағынан әр түрлі. Мәселен, қылқалам шеберлерінің бірқатары қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениетін бейнелесе, енді бірі Тәуелсіздік жылдарындағы дамуды, еліміздің жаңа кезеңге бет алған бағдарын көрсетеді. Бұл көрмеде Амандос Ақанаев, Ерлан Айтуаров, Рашид Құлбатыров сынды танымал суретшілермен қатар жас буынның шығармашылық белсенділігін көруге болады. Өнер иелерінің туындыларын енді Қызылорда, Талдықорған, алматылықтар тамашалайды.
Айнұр Абылхайырова, көрме жетекшісі:
- Қазақ халқының салт-дәстүрін, этнографиясын ғана көрсетіп тұрған жоқпыз. Осы суреттермен бірге қазіргі заманауи абстракция, модерн, постмодерн жұмыстарын алып келдік.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.