Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ халықаралық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілеп Аспантайұлы атындағы ІІ халықаралық байқау басталды

13.09.2018

Қобызшы Тілеп Аспантайұлы атындағы екінші халықаралық байқау басталды. Оған әлемнің 15 елінен қыл-ішекті аспаптарда ойнайтын 30-ға жуық музыкант қатысуда. Байқаудың шарты бойынша өнерпаздар Тілептен қалған «Бақсы», «Аллам жар», «Толғау» атты күйлердің бірін тартуы тиіс. Екінші турда әркім өз елінің маңдай алды шығармасын орындайды. Қазылардың сынынан сүрінбегендер қомақты қаржыға ие болады. Бас жүлдегерге 5 мың АҚШ доллары беріледі. Өнер бәйгесі ертең мәресіне жетеді.

Сапар Ысқақов, Тілеп Аспантайұлы атындағы қоғамдық-қайырымдылық қорының төрағасы:

- Мұндағы мақсатымыз қазақтың қара қобызын бүкіл дүниежүзіне көрсету. Оны тарату және барлық халыққа әлемдегі қыл-ішекті аспаптардың атасы қазақтың қара қобызы екенін дәлелдеу.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу