Астанада Индонезияның тағам фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Индонезияның тағам фестивалі өтті

03.10.2018

Халқының саны жөнінен әлемде 4-ші орын алатын ел өзінің бай асханасын қазақстандықтар мен қала қонақтарына паш етті. Тропикалық тағамдарды Индонезиядан арнайы келген танымал аспазшы әзірледі.

Етті өте аз қолданатын елдің тұрғындары көбіне буға піскен тамақтарды қалайды екен. Тағам фестивалі аясында Индонезияның мәдениеті мен өнері де паш етілді. Әсіресе, көрермендерге «Жалғыздың биі» атты бағдарлама ұнады. Олар өздерінің ұлттық аспаптарында қазақтың әндерін орындап, кештің көркін қыздырды. 

Рахмат Промоно, Индонезияның Қазақстандағы елшісі:

- Қазақстандағы ең сүйікті тағамым ет. Әсіресе, жылқы етін қатты ұнатамын. Сіздердің ұлттық тағамдарыңыз кез келген адамды баурап алады. Бүгінгі шарамызды қазақстандықтар да Индонезия асханасынан дәм татсын, біздің де сіздерге көрсетеріміз бар деген мақсатпен ұйымдастырдық. Адамдар көптеп келіп жатқаны қуантады. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу