Самал Еслямова түскен «Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самал Еслямова түскен «Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды

12.11.2018

Халықаралық кинофестивальде 40 елден 190 фильм сынға түскен. Сонымен қатар, «Айка» қазылардың арнайы жүлдесін де жеңіп алды. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген. Олар Самал Еслямованың рөлді шынайы және асқан шеберлікпен сомдағанын айтқан. Өткен жылы осы фильм арқылы Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанып, қазақ елін әлемге танытқан еді.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу