Алматыда халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі басталды

19.11.2018

Көпшілікке «Шәкен жұлдыздары» фестивалі ретінде таныс мәдени шара биыл 14-ші рет өтіп жатыр. Бұрынғыдан өзгерек жаңа форматта ұйымдастырылған киномерекеде меймандар қызыл кілеммен жүріп өтті. Осы саладағы байланысты арттыруға арналған шараға Катаюн Беглари, Борис Шульман сынды танымал киногерлер шақырылған. Кәсіби мамандар жиналған алаңда 40-қа жуық фильм сарапқа салынады. Кинофестивальдің бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Оған Шәкен Айманов туындыларының атауы берілген. Алғашқысы - «Жол түйісі» бөлімінде көрермен дүние жүзіне танымал картиналарды тамашалайды. Ал, екінші «Атамекен» бөлімі - түркі халықтары фильмдерінің байқауы. Үшінші «Біз осында тұрамыз» бөлімінде отандық кинотуындылар бақ сынайды. Бұл аталым бойынша Қазақстан кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы беріледі. 

Ермек Тұрсынов, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы:

- Бұл - нағыз кәсіби жұмыс істейтін фестиваль. Сондықтан, бұның болашағы өте жақсы болады деп ойлаймын. Ол - 3 конкурстан тұратын фестиваль. Халықаралық фестиваль, Түрі халықтарының фестивалі, үшіншісі - өзіміздің отандық туындылар байқауы.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу