85 жылдық тарихы бар «Дендер» газеті электронды нұсқада жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

85 жылдық тарихы бар «Дендер» газеті электронды нұсқада жарыққа шықты

27.11.2018

Атырауда 85 жылдық тарихы бар «Дендер» газетінің бастапқы санынан бүгінге дейінгісі электронды нұсқада жарыққа шықты. Көне үнқағаз алғашқы жылдары латын қарпінде басылған. Онда құнды деректер мен тарихи мәліметтер, саяси жарғылармен қатар, сыни мақалалар жазылған. Бүгінде газеттің 1937 жылдан 1980 жылға дейінгі сандары Ұлттық кітапхана қорынан алынып, түптелуде. Енді жинақтаушылар, басылымның тұңғыш шығарылымдарын Ресей мұрағаттарынан сұратуды көздеп отыр. Кейін, электронды нұсқасы ғаламтор бетіне жарияланып, халық назарына ұсынылмақ.

Жанай Амантурлин, «Дендер» газетінің бас редакторы:

- Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» дегенді атап өтті. Ойлап қарасаңыз, бұл-«Рухни жаңғыру» бағдарламасының заңды мұрагері ғой. Алып келген көне газеттердің өзінде де қаншама ұлттық құндылықтарды байқаймыз. Саяси әңгімені қоспағанның өзінде, жаңағы айтылып жатқан ел тарихы, жер тарихы, біздің ақындарымыз, билеріміз, көптеген адамдардың есімдері жатыр.

 

Жандос Темірғалиев

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу