Солардың бірі -Май ауданының аумағы. Ертіс өзенінің қапталындағы жазықтан ғалымдар бұған дейін сақ дәуірінің қорған молаларын және орта ғасырдағы ескерткіштерді тапқан болатын. Одан бөлек, Алтын Орда заманындағы «Қолбасы-мұнарасы» мемориалды ғимараттар кешені, қимақтар мен қыпшақтардың қола дәуіріндегі қоныстары анықталды. Әлі толық зерттеле қоймаған «Қалмақ қырған» тауы маңындағы ірі шайқастар болған жерлер картаға түсіріліп, сакралды орындар тізіміне енгізу жоспары жасалды. Ал, Көктөбе ауылында өткен ғылыми конференцияда жылқы адамның ең алғашқы серігі болғанын растайтын нақты деректер айтылып, ғалымдардың зерттеулері таныстырылды.
Виктор Мерц, С.Торайғыров атындағы ПМУ Археологиялық зерттеулер орталығының директоры:
- Өзімізге жүктеп отырған тапсырма - Солтүстік Қазақстандағы Ботай қорымында ғана емес, қазақтың қиыр даласында жылқы түлігінің алғаш қолға үйретілгенін дәлелдейтін деректердің жеткілікті екенін көрсету. Мәселен, мұндай белгілер Лебяжі ауданы, Май ауданы мен Баянауылда табылады деген сенім бар. Сол арқылы біз бір ғана нысанды емес, көнеден келе жатқан мәдениетіміздің тұтастығын паш етпекпіз.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.