Ұлттық арна көрермендеріне Тәуелсіздік күніне арнап тарту жасады. Кеше қазақ елінің азаттығы үшін күрескен Кейкі мерген туралы фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. 16 сериядан тұратын телехикая мереке күндері біздің арнадан көрсетіледі. Тарихи жоба сол замандағы халықтың тұрмысын, саясатты толық қамтыған. Бұрмаланулар мен қате деректер болмас үшін, түсірілім барысында тарихшылармен кеңес жүргізілді.
Берік Әбдіғали, тарихшы:
- Әрине, режиссердің қоюы бойынша көптеген лирикалық және көркемдік көріністер, олардың өздерінің ойлап шығарғаны болды. Ал, негізгі тарихи дерек бұрмаланған жоқ.
Оңғар АЛПЫСБАЙ