95 жастағы абыз ақсақал бар ғұмырын ұлтымыздың ежелгі өнерін насихаттауға арнады. Үлкен сахналарда өнер көрсетті. Кейінгілерге үлгі болды, шәкірт тәрбиеледі. Қасымхан ақсақал - облыстағы ең сыйлы қарттардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет еткен. Бұл марапат – оның ұлттың рухани қазынасына қосқан сүбелі үлесінің өтеуі іспетті.
Қасымхан Алдабергенов, «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері:
- Шығармашылық еңбегімді елеп, соның қорытындысы есебінде кеудеме орден тағып жатқаны деп есептеймін. Жастарға рахмет айтамын.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.