Пабло Пикассо мен Сальвадор Далидің туындылары Астанада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пабло Пикассо мен Сальвадор Далидің туындылары Астанада

18.01.2019

Ұлттық музейде әлемдік көркемсурет өнерінің ұлы шеберлері мен отандық қылқалам корифейлерінің шығармалары қойылған галерея ашылды. «Ежелгі. Өзекті. Майталман даралар» деп аталатын көрмеде өнерсүйер қауымның назарына 45 картина ұсынылды. Отандық авторлардан Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Ерболат Төлепбай сынды шеберлердің туындылары бар. Ал, Пикассо мен Сальвадор Далидің өткен ғасырдың 60-шы жылдары жазған суреттерін тамашалауға мүмкіндік бар. Барлық шығармалар - түпнұсқа. Оларды «Пигмалион» өнер галереясы ширек ғасыр бойы жинаған.

Ерболат Төлепбай, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мұнда тұрған туындылардың барлығы - ұлы суретшілердің қолтаңбасы. Әр суретшінің жеке қолынан шыққан қолтаңбасын Қазақстанға әкелу бізге мақсат болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу