Шетелдік ғалымдар өздерінің зерттеу еңбектерінде Қазақстан тарихын көп бұрмалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік ғалымдар өздерінің зерттеу еңбектерінде Қазақстан тарихын көп бұрмалайды

19.04.2019

Шетелдік ғалымдар өздерінің зерттеу еңбектерінде Қазақстан тарихын көп бұрмалайды. Тарихи атауларды өзгертіп жазады. Өкініштісі сол, мұндай теріс мәліметтер көп тиражды оқулықтармен тарап кетеді. Бұл өз алдына, ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелерге әкеп соғады. Мұндай пікірді Мемлекет тарихы институтының мамандары білдірді.

Аталмыш келеңсіздіктерді болдырмас үшін, өзге елдің ғалымдарымен толеранттық жөнінде келісімшарт жасалмақ. Елордада жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізіліп, осы түйткілдер сөз болды. 

Жиынға еліміздің және шетелдің он мемлекетінен мамандар қатысып, жас ғалымдарды қолдау жөнінде тәжірибемен бөлісті. Айта кетейік, Қазақстанда 120 ғылым докторы, 500-ден астам ғылым кандидаты бар. 

Бүркіт Аяған, мемлекет тарихы институтының директоры:

Қалай болғанда да, информациялық соғыстардың, қақтығыстардың болмау жолын жасауымыз керек. Шетелден келген ғалымдардың арасында белгілі кітап, оқулықтар жазған авторлар бар.

Қырғызстаннан, Ресейден келген авторлар бар. Әр елдің тарихшылары өз мәселесін қатты көтеріп кетті ғой. Бірақ кейде шекара мәселесі бойынша, немесе тұлғалар бойынша  тиіп кететін жерлер болады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу