Елордада әскери оркестр мен ансамбль қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ашық аспан астында концерт өткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен шарада әскери әуендер мен әндер шырқалып, би биленді.
Бұдан бөлек, әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылып, ұшақ, зеңбірек немесе ауыр танкпен суретке түсуге мүмкіндік жасалды. «Бұл жастар арасында әскерилердің беделін арттырып, патриоттық тәрбиені мығымдайды», - дейді ұйымдастырушылар.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ