Ержан Максим «Голос. Дети» шоуына қайта қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Максим «Голос. Дети» шоуына қайта қатысады

17.05.2019

Байқауда соңғы мәреге шыққандар тағы бір мәрте өзара бақ сынаспақ. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Естеріңізде болса, 11 жастағы оралдық өнерпаз Ержан Максим аталмыш конкурста Валерий Меладзенің командасында өнер көрсетіп, екінші орын иеленген еді. Кейінірек, қазақстандық жас дарын қатысқан «Голос.Дети» байқауының нәтижесі жоққа шығарылды. Қазір, байқаудың дауыс беру нәтижелеріне тексеріс жүргізіліп жатыр. Қорытындысы мамыр айының соңында белгілі болады.  Байқаудың алтыншы маусым нәтижелері жоққа шығарылғандықтан, 24-мамырда ақтық сынға қатысушылардың арнайы шығарылымы болмақ. Ал, 28-маусым, сағат 19:00-де жас дарын Ержан Максим «Қазақстан» орталық концерт залында жеке концертін береді.

Ержан Максим, жас әнші:

Жаңа әндер жазу және клиптер түсіруді жоспарлап отырмыз. Өзімнің арманым – әлемдік жұлдыз болу. 28-маусым күні концертке барлықтарыңызды шақырамын.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу