Қызылордада отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған конференция өтті

30.05.2019

Қызылордада «Жаһандану дәуіріндегі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ұрпақ тәрбиесінде отбасының рөлі зор. Бірақ қазіргі жаһандану дәуірінде балалар отбасынан алыстап бара жатқаны жасырын емес. Бұл өте өзекті мәселе болып тұр. Ғалымдар ұлттық құндылықты, отбасылық құндылықты баланың бойына бесіктен бастап сіңіру керек екенін айтады.

Конференцияда қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі отбасы мен бала тәрбиесінің өзекті мәселелері және отбасы құндылықтары жөнінде түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды.

Кенжехан Матыжанов, филология ғылымдарының докторы:

- Балаға ананың жылуы керек. Ананың көзқарасы керек. Ананың ыстық құшағы керек. Міне, осы ыстық құшақ қазіргі балаларға жетіспейді. Осыны қайта қалпына келтіру керек.

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу