Елордада «Қазақ археологиясының тарландары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қазақ археологиясының тарландары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

30.05.2019

«Қазақ археологиясының тарландары». Ұлттық музейде осындай атаумен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда саладағы өзекті мәселелер талқыланып, отандық мамандардың жеткен жетістіктері айтылды.

Қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан және Кемел Ақышовтың еңбектері топтастырылған кітап таныстырылып, көрме ұйымдыстарылды. Бұл кітапта академиктердің көпшілікке аса мәлім болмаған еңбектері жарияланған. Тарихшы ғалымдар: «бұл мағлұматтар қазіргі жас мамандар үшін аса қажетті», - деп есептейді.

Қанат Еңсенов, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері:

- Жалпы, қазір жаһандану заманыңда біз ұлттық менталитетімізді сақтап, мемлекеттілігімізді сақтап, іргелі ел болуымыз үшін ұлттық мәдени мұраларымызды насихаттап, тарихи танымын арттырып, ұлттық рухын оятып, іргелі елге айналуымыз керек. Сол бағытта біздің археологтар әлі де көп жұмыстар атқарады деген ойдамын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу