Солтүстік Македонияда «Алтын адам» қойылған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Македонияда «Алтын адам» қойылған көрме ашылды

15.07.2019

Қазақтың «Алтын адамы» Солтүстік Македония төрінде. Ел астанасы Скопье қаласының ұлттық археологиялық мұражайында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрме ашылды. Басты экспонат – «Алтын адам».

Алтынмен безендірілген айрықша жәдігер көптің назарын аудартпай қоймады. Аң стилінде жасалған әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін береді. Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі 1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған болатын. Айта кетейік, Қазақстанның бас жәдігері соңғы 2 жылда Минск, Мәскеу, Баку, Сиан, Гданьск, Сеул, Қазан, Ташкент жұртшылығына көрсетілген еді. Бұдан бөлек, мұнда еліміздің Ұлттық музей қорынан барлығы 292 экспонат қойылды. Еуразияның дала мәдениеті мұрасынан сыр шертетін көрме 11 тамызға жалғасады.

Хысни Исмаили, Солтүстік Македония Республикасының мәдениет министрі:

Қазақстан мәдениеті көпшіліктің аса қызығушылығын туғызды. Қазақ елінің күтпеген сырлары ашылды, жарқын бейнесі көрінді. Македония халқы Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын, оның ежелгі және ортағасырлық өзіндік өнерімен танрысты. Сондықтан, көрме бірден бірегей мәртебе алды. Қазақ әуенімен қатар македондық әндерді шырқаған Ұлы Даланың музыкалық фольклоры - «Сазген сазы» этнографиялық ансамблі де ерекше әсер қалдырды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу