Ақмола облысында қазақтың ұлы тұлғаларына ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қазақтың ұлы тұлғаларына ескерткіш орнатылды

15.07.2019

Мүсіндер Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасын жалғайтын тасжолдың бойына қойылды. Бурабай ауданының аумағында Кенесары Қасымұлының, Бұланды ауданында Балуан Шолақтың, Шортандыда Үкілі Ыбырай мен Ақан серінің ескерткіштері мен мұндалап тұр.

Ал Біржан салдың мүсіні өзінің аты берілген ауданда бой көтерді. Мүсіндердің биіктігі 11-12 метр. Барлығы жолдың жиегінде тұр. Ескерткіштер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Көкше жерінің ұлы есімдері» жобасы шеңберінде салынды.

Берік Сапанов, Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

Мүсіншілер макет жөнінде алып келді осында Көкшетау қаласына. Содан кейін республикалық ескерткіштерді қадағлау жөніндегі комиссия бар, сол комиссия мүсіндерді өздері қарады. Өзгертетін жерлеріне өзгерістер енгізіп, кейін қайта апарып, нақтылап барып қана ескерткіштерді істеуге кірістік.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу