Қарасазда «Мұқағали оқулары» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарасазда «Мұқағали оқулары» байқауы өтті

23.07.2019

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған ауылы - Қарасазда өнер кеші өтті. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі қоғамдық бірлестігі қолға алған «Мұқағали оқуларына» тек қана өзге ұлт өкілдері қатысты. Талап бойынша қатысушылар ақынның бір өлеңін қазақ тілінде оқуы тиіс. Ал екінші туындыны өз тіліндегі не болмаса басқа тілдегі аудармасымен айтып беруі керек.

Байқауда Жетісу өңірінің аудан, қалаларынан 15 үміткер бақ сынады. Олардың қатарында корей, түрік, ұйғыр, күрд, өзбек ұлттарының өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы шараның мақсаты - ақын-жазушылардың өлеңдері арқылы қазақ әдебиетін дәріптеу.

Дильназ Шарипова, байқау жеңімпазы:

Өлеңге деген құштарлығымды ашқан Мұқағали өлеңдері болатын. Сол үшін де мен өте қуаныштымын.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу