"Шекара" кинотуындысының түсірілімі аяқталуға жақын. 1995 жылы Ауған-Тәжік шекарасында қан төккен қазақ сарбаздарының өмірі бейнеленген тележоба жаңа маусымда "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының эфирінен көрсетіледі. "Жауынгерлік рухты жаңғыртуға бағытталған туынды көрерменнің көңілінен шығатынына сенім мол" - дейді түсіру тобы.
Бұл іске Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық ұланы қолдау көрсетуде. Телехикаяның түсіріліміне 100ден аса әскери техника, қару-жарақ пен 500-ге жуық сарбаз жұмылдырылған. Ал, туындының соңғы эпизодтары Алматы облысының Шарын шатқалында түсіріліп жатыр.
Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтары жөніндегі орынбасары, генерал-майор:
Біз бірінші жастардың арасында патриоттық сезімгетәрбиелеуіміз керек. Біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Біздің Тәжік,Ауғаншекарасынан былай қарағанда 10 мыңнан аса біздің қазақтың азаматтары өткен. Соларды ұмытпауүшін біз осындай үлкен тележобаны түсіріп, соны айтайын деп отырмыз.
Телехикаядағы басты образдардысомдауға еліміздегі кәсіби актерлар таңдалған. Олар түсірілім алдында арнайыәскери дайындықтан өткен, яғни ҚР Ұлттық ұланының сарбаздарынан әскери техникамен қару-жарақты қалай пайдаланып, атыс-жарылыс кезінде қалай сақтанукеректігін үйренген.
Ринат Дошибеков, актер:
Оңай деп айтуға болмайды. Қиын. Бірақ, біздің қасымыздаәскери, военный консультанттар бар. Соның арқасында, бізге кішкене жеңілдіктер болып жатыр. Тура осындай әлітүсірілген жоқ біздің Қазақстанда. Мен ойлаймын, бірінші рет осындай өте үлкенкөлемде жарылыс, ату, жару, мысалы әскери техникаларды жарып жатыр.
Дәурен Серғазин, актер:
Тек қана отанды қорғау ғана емес. Адалдық,адамгершілік, жауапкершілік, махаббат бар, соның бәрі айналып келіп біротансүйгіштікке сиятын нәрсе. Жалпы, бұл туындыда кез келген тақырып қозғалады.
Ұлттық патриоттық сезімді оятуға бағытталған телехикая 10бөлімнен тұрады және бір толықметражды фильм ретінде жарыққа шығады. Киноданегізінен әскери ұрыстар суреттелмекші. Сондықтан, "Бұл - қазақ киносыныңтарихындағы бірегей әскери-драмалық фильм болмақ. Ал, туынды ауған соғысындақыршын кеткендердің рухына арналады", - дейді түсіру тобы.
Нұрхан Нұрланұлы