Батыс Қазақстанның Тасқала ауданында тұңғыш рет «Бабадан қалған бар байлық» атты жайлау фестивалі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада 6 ауданның мәдениет қызметкерлері сынға түсті. Қыз-келіншектер сиыр мен бие сауудан, ою-өрнек салу, ши тоқудан шеберліктерін көрсетті. Ал ерлер жағы арқан тартып, асық атып, серке көтеріп, ат ерттеуден бақ сынады. Аламан бәйге мен жүйрік тазы жарысы да көрерменнің айызын қандырды. Салт-дәстүрді насихаттап, әдет-ғұрыпты жаңғыртқан шара тартысты өтті. Құрт жасауда ептілігі мен шапшаңдығын танытқандар тағамның пайдасы мен таңсық түрлерін тәптіштеп айтты.
Орынша Түсіпқалиева, сайысқа қатысушы:
12 түрі бар екен құрттың. Қара құрт, сықпа құрт, жас құрт, қатпа құрт, ежегей құрт. Ежегей деген – бармақтың басындай құрт. Оны бір шелек көк сүтке екі шелек ақ сүтті қосып, қаймағы айрылмаған, қайнатады екен.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ